Ауданымыздың беделі тағы да бір сатыға жоғарлады. Медицина күні қарсаңында жыл сайынғы атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша, облыс көлемінде 29 ауылдық ем қабылдау мекемелерінің ішінде озат болып, барлық этаптардан сүрінбей Үшқоңыр көп салалы ауруханасы «Ең үздік ауылдық аурухана» номинациясын қанжығасына байлады. Әрдайым саламатты өмір салтын насихаттап, тұрғындарды уақытылы аурудың алдын алуға шақырған, Дамир Сұраужанов басшылық ететін аталмыш мекеменің мамандарын 18 мамыр – медицина қызметкерлерінің күніне орай өңір басшысы Амандық Баталов марапаттайтын болады. Ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандарды жемісті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать