Еңселі ер ескерілді

Еңселі ер ескерілді

Жуырда Алмалыбақ ауылындағы облыстық архивте тағлымды да байыпты басқосу өтті. Ол белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, академик, профессор, ақын, сазгер, осындағы жеке қордың иесі, марқұм Құдайберген Өрісбаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты еске алу кеші еді.

Құдайберген  Қашқынбайұлы өз өмірінде үнемі биіктерден көрініп, жүйелі ғылыми жұмыстарымен кеңінен танылған ардақты азамат болатын. Сонымен қатар, өлең өлкесінде де өзінше өрнек салды, жан-дүниені баурайтын әдемі әндерді дүниеге әкелді.

Кеш барысында алдымен Қ. Өрісбаевтың өнегелі өмірі туралы деректі фильм көрсетілді, сонымен қатар, естеліктер айтылды, әндері шырқалды.

Қатысушылар арасында Құдайберген  ағамыздың құдай қосқан қосағы Жібек Есмұқанқызы, қызы Айман, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Эрнест Шакенов, Қазақстанның Құрметті журналисі Өтесін Құбиев және тағы басқалар болды.

Сонымен қатар, Бүкілодақтық халықтар достығы байқауының лауреаты, халықаралық Азия халықтары достығы фестивалінің дипломаты Тейіп Бейсенбеков, ауданымыздың белгілі әншісі  Шәрбану Қалиева Қ. Өрісбаевтың «Күндер-ай, күндер», «Жалғыз көкек», «Аңсау», «Әке туралы», «Ана туралы», «Алматым – арман қуған», «Қия алмай кеттім», атты әдемі әндерін орындаса, Қаскелең мәдениет колледжінің 3 курс студенті Қобылан Алдабергенов «Дүние қума» өлеңін оқыды.

Иә, елеулі еңбегімен көптің құрметін иеленген, жақсы ісімен жалпақ жұртқа танылған жандар әрдайым ел жадында қалады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях