РИА Новости ақпараттық порталының мәліметінше, АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Президент Дональд Трампқа қарсы импичмент жариялауға дауыс берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш басылымның мәліметіне сүйенсек, демократтар импичмент жариялауды қолдаса, республикалықтар қарсылық танытқан. Нақтырақ айтқанда, АҚШ президентіне импичмент жариялауға 230 адам дауыс берсе, 197 адам қарсылық танытқан.
Демократтардың Дональд Трампқа импичмент жариялау Президент Украинаға көрсетілуі тиіс көмекті әлі күнге дейін бермеуі негізгі себеп болуда. Америкалық басылымдар Трамптың Зеленскийді 2020 жылғы сайлауда өзінің бас қарсыласы болатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға мәжбүрлемек болғанын жазды.
«Америка дауысы» ақпараттық порталының мәліметінше, өкілдер палатасының импичментінен кейін Дональд Трамп штатты басқаруды жалғастырады. Енді өкілдер палатасы мақұлдаған айыптаулары Сенатта қаралып, соңғы шешім қабылданатын болады.
Сенаттағы импичменттің жақтаушылары қажетті көпшілік дауысты ала алмаса, Трамп өз қызметін сақтап қалады. Егер Сенат импичмент жариялауды қолдаса, АҚШ президентінің орнына қазіргі вице-президент Майк Пенс отырады.