Жақында, Қаскелең қаласындағы «Жәрдем» медициналық колледжінде, қаланың дін мәселелері бойынша ақпарат түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы дінаралық татулық — мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында іс-шара өтті.
Оған, ауданымыздың қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы, Несіпбала Әбділдаева, Қаскелең қаласындағы «Лабақ ата» мешітінің наиб имамы БақытжанЕсмағамбетов қатысты.
Жиынды колледж директоры Сандуғаш Саханова ашып беріп, Қаскелең қаласы әкімі аппаратының бас маманы Маржан Айткеноваға сөз берді.Өз сөзінде, атақты философ Анри Бергсонның дін жайында: «Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәлсапаны білмейтін қоғамды кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз қоғам болмайды» деген тұжырымдамасын тілге тиек етіп, Ислам діні ең бірінші татулыққа, бейбітшілікке шақырады, деген қағидасын басшылыққа алған әкімдік маманы дінаралық татулық береке-бірліктің негізі екенін түсіндіріп өтті.
Келесі сөз кезегі,Несіпбала Әбенқызына беріліп, ол жастарға экстремимизм мен терроризмның мағыналарын толықтай аңғартты.Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып,көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.
«Жәрдем» медициналық колледжі тарих пәнінің мұғалімі Серік Маджанов студенттергеата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауының соңы баласының теріс жолға түсіп, одан оны қайтару кеш болатынын, шалыс жолды таңдаған бала қоғам тыныштығын бұзатын, мемлекет тәртібіне бағынбай, өздерін құрбан етудің қате екендігін өздері дайындаған театрланған қойылым түрінде ұқтырды.
Сонымен қатар, осы іс-шара аясында «Дін және спорт» тақырыбында колледждің І, ІІ, ІІІ, ІҮ бағам араларында шағын футбол ойынынан жарыс өткізіліп, жеңімпаз командалар алғыс хатпен марапатталғанын да айтып өткен жөн.
Соңынан, Қаскелең қаласы әкімі аппаратының бас маманы Маржан Айткенова сөз алып, іс-шараның өтуіне ат салысқан колледж басшысы Сандуғаш Когаршынқызына, қойылым көрсетіп жатқан колледж тәлімгерлеріне және тақырыпқа сай мағлұмат берген қонақтарға алғыс білдіріп, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемде бір ғана қауым бар, ол – адамзат қауымдастығы, бір ғана жаратушы бар, ол – Аллаһ Тағала. Бір ғана тіл бар, ол – жүрек тілі. Ендеше барша адамзаттың тілегі бір!» деп, үндеу тастағаны бізді дінаралық татулық пен өзара келісім негізінде тыныштық орнаған қоғамда бұлжымас қағидаға айналу керек деген оймен түйіндеді.
Жұмабек Смамутов.