Депутаттардың азаматтар арасында беделі жоқ

Депутаттардың азаматтар арасында беделі жоқ

«Nur Otan» партиясының жаңа төрағасы Қ.Тоқаев кезектен тыс XXI Съезінде депутаттарға сайлаушылармен тікелей диалог құру, азаматтармен, соның ішінде шалғай ауылдардағы тұрғындармен жүйелі кездесулер принципті түрде маңызды екенін жеткізді, деп хабарлайды Naqty.kz.

– Өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге партия мүшелерінің қатысуын күшейту қажет. Мәслихат депутатының төсбелгісі облыс элитасына жататын ойдан шығарылған атрибут емес және жоғары лауазымдарға жолдама бола алмайды, – деді Президент, Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, мәслихат депутаты халық мүддесі жолында жұмыс істеуі керек. Сондықтан депутаттар мандатына байланысты айырмашылықты анық түсінуі керек.

– Әзірге біздің депутаттардың азаматтар арасында тиісті беделі жоқ. Бұл қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде анық байқалды, – деді «Nur Otan» партиясының жаңадан сайланған Төрағасы.

Айта кейтейік, партия Төрағасы депутаттық сауалдардың ресми емес, тұрғындардың нақты мәселелерін көрсететін болуы керектігін ескертті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях