Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Олжас Әбішевке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде жазалау санкциясын шығарды», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, 2 тамызда денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.