Елімізде жалпыға бірдей декларацияға көшу екі жылға шегерілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде жария болды.
Қолданыстағы заңнамаға байланысты 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген. Осыған орай, заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жоғарыда аталған пилоттық жоба Қарағанды облысының Осакаровка ауданында іске асырылып, оның нәтижелері әлі де қосымша жұмысты қажет екенін көрсетті.
Осыны ескере келе, ҚР Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен жүзеге асу бойынша ҚР-ның Үкіметіне төмендегідей ұсыныс енгізді:
- І кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.
- ІІ кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.
- ІІІ кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
- IV кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың қалған санаттары.