Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының басшысының мәлімдеуінше коронавирус пандемиясы жуық арада аяқталмайды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Індет керісінше әлемнің кей аймақтарында күш алуда. Мысалы, Африка, Шығыс Еуропа, Латын Америкасы және Азия елдерінде індеттің таралуы артқан. Және де кей мемлекеттер вирусты жұқтыру дерегін төмендетіп көрсетуде дейді ұйым басшысы. Гебрейесус, сондай-ақ, әлем елдерінен шектеу шараларын ерте жеңілдетпеуге шақырды. Себебі дерт қайта таралуы мүмкін екендігін ескертеді.
– Карантин режимін жеңілдету үшін барлық жағдай ескеріліп, жан-жақты талдау дұрыс жасалағанына сенімді болу керек. Егер індетке байланысты ахуал анық екшелмей, шектеу шаралары ерте алынатын болса, көп ұзамай карантинді қайта енгізуге тура келеді. Ал, салдары тіпті ауыр болуы ықтимал, – дейді ДДСҰ төтенше жағдай жөніндегі атқарушы директоры Майкл Райан.