«Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары басталды

0
2156

2018 жылғы 4 маусымда «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары басталды. Оның мақсаты – төтенше жағдайларда күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы үйлестіруді арттыру.

Оқу-жаттығудың барысында қабылданған бірлескен бұйрықтарға сәйкес күштік органдардың іс-қимылдарын пысықтау жоспарланған.

Күштер мен құралдардың қызметтік-жауынгерлік дайындығы тексерілетін болады. Сондай-ақ, олардың бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігі мен реттілігі, басқару мен өзара іс-әрекеттердің ұйымдастырылу деңгейі де сыналады.

Мұндай оқу-жаттығулар жоспарлы негізде жыл сайын өткізіледі. Биылғы оқу-жаттығу жиынының ерекшелігі – бірнеше күнге созылады және еліміздің барлық өңірін қамтиды. Оған автотехника мен көліктік авиация қатысады.

Күштік құрылымдар әрекетінің тиімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы бағалайтын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь