Кеше Тәуелсіздік күніне орай аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымы қолдауымен осы мекемеде мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
[su_custom_gallery source=»media: 14654,14655,14656″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Осы мереке карсаңында ауданның бас дәрігері Ербол Сәрсенбаев әріптестерін құттықтап, бірқатар аудандағы дәрігерлерді марапаттады. Атап айтар болсақ, республика көлеміндегі «Алтын дәрігер» төсбелгісімен №4 учаскенің дәрігері Забира Слямоваға, орта буын медицина қызметкерлеріне арналған «Мейірім» марапаты Майрамгүл Дабыловаға тапсырды. Ал, «Ел ардақтысы» медалі емхана меңгерушісі Ерлан Серікбаевқа берді. Оған қоса елуге жуық ақ желеңді абзал жандарға Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының және аудандық ауруханының басшылары атынан Алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, шара барысында бұл басқосуға демеушілік көрсетіп отырған «Сенім» кәсіподағының игі істері жайлы айтылды. Қазіргі таңда аурухана сол ұйымның құрамында екен. Онда қосылғандарына көп уақыт өтпеседе, бірлесе көптеген шаралар атқарып үлгерген. Оған дәлел осы күні аталған кәсіподақтың қолдауымен Көксай ауылдық амбулаториясының аға медбикесі, әлеуметтік жағдайы төмен жалғыз басты ана Асылзат Раимкуловаға 250 000 теңгелік сомманы құрайтын қаражатқа ие болды.Шара әрі қарай аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.