Украинаның Житомирінде тұтанған өрт ошақтарының көпшілігі осы кезде сөндірілді. Ерекше аумаққа жататын ормандағы өрт те сөндірілді. Бұл туралы Президент Владимир Зеленский мәлім етті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Укринформға сілтеме жасап.
– Бүгінгі таңда Житомир аймағында өрттің көп бөлігі сөндірілді, ал ерекше аймаққа жататын ормандағы өрт толықтай сөндірілді, – деді Украина Президенті Зеленский.
Укринформ хабарлағандай, 4 сәуірде ерекше аумаққа жататын жерлерден өрт шыққан. Мемлекеттік оқшаулау аймағын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттіктің мәліметтері бойынша Чернобыль аумағында өрттен 20 мың гектар жер зақымданды, оның 30% — ын орман құрайды. Бұған дейін Украинаның солтүстігіндегі орман өрттері Чернобыль атом электр станциясына жақындағаны туралы хабарланған болатын.