Болашақ фельдшерлер сайысы

Болашақ фельдшерлер сайысы

Бүгін орталығымызда орналасқан «Нұржәрдем» медициналық колледжінде алғаш рет «Жастар жылы» аясында әрі Қарасай ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына орай аталмыш оқу орнының ұйымдастыруымен «Ұлт болашағы – дені сау, білімді және белсенді жастар» атты бітіруші топтардың арасында аймақтық байқау өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Еңбек нарығында жоғары бәсекелестікке сай болу үшін, сонымен бірге студенттердің сапалы білім деңгейін арттыруды мақсат еткен төрт кезендік байқауға «Талғар  медициналық мемлекеттік колледжі», «Есік медициналық колледжі», «Талғар  медициналық жекеменшік колледжі», «Интердент» коллежді мен аталмыш оқу орнының студенттерінен құралған топтар қатысып, өзара бақ сынасты. Білім додасының шымылдығын «Нұржәрдем» медицина колледжінің директоры Назым Шегебаева ашып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Бірінші кезінде студенттер нақтырақ айтқанда, болашақ фельдшер мамандары өздерінің оқу орындары мен команда мүшелерін әртүрлі көріністер мен слайдтар арқылы жан-жақты, қысқа ғана уақытта таныстырып шықты. Ал, екінші айналымда арнайы дайындалған үш теориялық және бір тәжірибелік сұраққа жауап берді. Байқаудың үшінші кезеңінде студенттер медицина саласында қолданылатын терминдерді атаумен жарысса, төртінші соңғы айналымда арнайы құралдар арқылы ине салу, жарақатты өндеп байлау сияқты тағы да басқа бірінші көмек көрсетудің тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Аталмыш колледждерден келген ұстаздардың төрелігімен өткен аймақтың байқаудың қорытындысы бойынша «Талғар медициналық мемлекеттік колледжі» мен «Нұржәрдем» медициналық колледжінің студенттері алға шығып, жеңімпаздар болып атанды. Ал, ІІ орынды «Талғар медициналық жекемекшік колледжі» мен «Интердент» медициналық колледждері иеленсе, ІІІ орын «Есік медициналық колледжіне» бұйырды.

Шара соңында барлық топтардың жетекшілеріне Алғыс хаттар ал, сайысушы студенттерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях