Биыл кімдер декларация тапсырады ?  

Биыл кімдер декларация тапсырады ?   

Елімізде 2023 жылда жаппай декларациялаудың екінші кезеңі басталады. Биыл кімдер өздерінің табыстарын көрсету керек, осы уақытқа дейін қанша қарасайлық өз жиған тергенін жариялап үлгерді. Осы және өзге де жаппай декларациялауға қатысты сұрақтар төңірегінде бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басармасының ұйымдастыруымен жиын өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

2021 жылдың 1 қаңтарында дек­ларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсырған болатын. Биылдан бастап квазимемлекеттік сек­тор өкілдері, ұлттық компаниялар мен холдингтердің лауазымды тұл­ғалары мен қызметкерлері және ола­р­дың жұбайлары табыс көздерін көрсетеді. Яғни, олар мектептердің, балабақшалардың, ауруханалардың, емханалардың қызметкерлері,дәрігерлер, педагогтар және бюджеттен жалақы алатын барлық қызметкерлер. Сондықтан бұл жиынға аудандағы осы салада қызмет ететін мекемелердің басшылары мен қызметкерлері шақырылды.

Ал, жиналғандардың тақырып аясындағы сұрақтарына  Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер  департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Отар, Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Айгүл Жолдыбек, орынбасары Ғани Малдыбаев жауап берді.  Олжас Асангелдіұлының айтуынша, биыл декларация тапсыратын тұлғалар Қазақстаннан тыс жерлердегі, яғни шет елдері  актив пен мүліктері  және  айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген шегінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетіледі. Бүгінде бұл 3 млн 630 мың теңгені құрап отыр. Өйткені, бұдан  артық сома 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін банк шоттарына орналастырылуы тиіс.

Осыған дейін декларация тапсырмаған азаматтар 250-нысан бойынша 15 шілдеге дейін қағаз жүзінде, 15 қыркүйекке дейін электронды түрде өткізу керек.  Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудың бірнеше жолы бар. Декларацияны Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталындағы «салық төлеуші кабинеті» (cabinet.salyk.kz) арқылы, сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және e- SalyqАzamat мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде тапсыруға мүмкіндік бар. Қағаз түрінде тапсырғысы келгендер, мемлекеттік кірістер органдарына бару қажеті. Ал, Айгүл Жолдыбекқызының мәліметіне сүйенсек, Қарасай ауданы бойынша 2023 жылы 17 мың тұлға декларация тапсыру қажет. Осы уақытқа дейін олардың тек 8700-і ғана өз табыс көздерін растаған.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях