Бүгін Мемлеке басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин биыл отын-энергетикалық ресурстарды өңдеу көлемін барынша арттыруға басымдық берілетінің айтып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Премьер-Министрдің айтуынша, 2020 жылы 90 млн тонна мұнай мен 56,3 млрд куб газ өндіру жоспарланған. Жалпы, отын-энергетика саласындағы инвестициялық жобалардың құны 2 трлн теңгені құрайтын болады.