Бір адамға сатылатын дәрі-дәрмектің саны шектеледі

Бір адамға сатылатын дәрі-дәрмектің саны шектеледі

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елде әр адамға дәрі-дәрмек шектеулі түрде сатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Біз әкімдіктермен және бөлшектік сауда желілері қауымдастықтарымен меморандум жасадық. Яғни, бір адамға препарат 2-3 қаптама күйінде, шектеулі түрде сатылатын болды. Себебі ем-дом курсына дәл сонша препарат керек. Үйде препараттар босқа жатып қалмауы керек. Себебі олардың әрқайсысының өз жарамдылық мерзімі бар, – деді Людмила Бюрабекова.

Сонымен бірге ол бір үйде бірнеше адам ауырып жатса, дәрі-дәрмекті сату жағынан шектеу болмайтынын жеткізді.

Бұл – дәрігердің рецепті. Дәрігер ем-дом алу үшін тиісті курс бойынша пациентке дәрі жазып береді, – деді вице-министр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях