«Бестемше» ойынында балабақшалар бақ сынады

«Бестемше» ойынында балабақшалар бақ сынады

Бүгінде рухани бай баланы жетілдіріп, оның өзіндік дамуына үлесін қосатын ұлттық ойындар жетерлік. Соның бірі – ертеден келе жатқан бестемше ойыны. Өткен аптаның жұмасы күні Қырғауылды ауылында орналасқан «Ақ көгершін» балабақшасында аталған ойынды насихаттау мақсатында облыстық турнир өткізілді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бестемше – тоғызқұмалақ ойынын үйренудің алғашқы сатысы. Яғни ереже жағынан жеңілдеу болғандықтан жеткіншек балаларға арналған. Сондықтан да мектеп және мектепке дейінгі балабақшаларда кеңінен дәріптелуде.
Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Ақ көгершін» балабақшасының атсалысуымен өткен облыстық турнирде Қонаев қаласы мен Іле, Талғар секілді жеті ауданның балабақшаларының тәрбиешілерінен құралған командалар бақ сынасты.
Ойын өте тартысты өтті. Сайысушылардың логикалық ойлауы, тапқырлығы мен шыдамдылығы ерекше байқалды. Әр партия сайын тартыс күшейіп, қарсыластардың шеберлігі сыналды.
Турнир нәтижесінде Балқаш ауданының тәрбиешілері оза шауып, жүлделі I орынды иеленді. Ал ІІ орынды Еңбекшіқазақ ауданы жеңіп алса, Қарасай ауданының тәрбиешілері ІІІ орынға ие болды. Бұл жерде бір айта кетерлігі, қатысқан команда мүшелері арасынан іріктеу жүргізіліп, таяуда Түркістан қаласында өтетін республикалық турнирде Алматы облысы атынан бақ сынайтын команда құрылды. Олардың қатарында біздің ауданның тәрбиешілері де бар. Олар – Шынар Базарбаева, Айгуль Оразбекова және Алия Бактыбек.

Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, кубок, медальдармен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях