Берлиндегі байқауда биіктен көрінді

Берлиндегі байқауда биіктен көрінді

Жақында, «Қалбибі өнер студиясының» шәкірттері Германияның астанасында өткен «Жемчужина Берлина» атты халықаралық ән байқауына қатысып, жүлдемен оралды. Бұл вокалдық сайыста Бразилия, Мальта, Филиппин, Ресей, Украина, Армения, Әзірбайжан сияқты, барлығы 14 мемлекеттен 43 үміткер бақ сынаған.

Қарашаның соңында үш күнге созылған аталмыш байқауға, Қалбибі Абдуллаева өзінің мықты деген Мадина Жұмабаева, Мардан Санақ, Еркежан Жанат есімді шәкірттерін ертіп барған болатын.

Халықаралық доданың шарттары мен талаптары мықты болғанына қарамастан, біздің жерлестеріміз жақсы өнер көрсете білді.

«Алғашқы көктем» және французша «Пардена муа»  әнін орындаған Алтын ауыл мектебінде оқитын 16 жастағы Мадина қазылар алқасын тәнті етіп екінші орынды иеленіп, үлкен жетістікке қол жеткізді. Ал, «Дайдидау», «Как молоды мы были» әндерімен сахна төріне шыққан В. Белинский атындағы орта мектептің 11 жасар оқушысы Мардан мен «Қазағымсың», «Свети земля моя» әндерді айтып шыққан Қ. Сәтбаев мектебінің төртінші сынып оқушысы Еркежанға дипломант атағы берілген.

  • Бұл біздің шетелдік сахнада алғаш өнер көрсетуіміз. Соған қарамастан, шәкірттерімнің байқатқан нәтижесі өте жоғары. Барлығымыздың да еңбегіміз ақталды деп ойлаймын. Осы байқаудан соң сегіз мемлекетке шақырту алдық. Қазір соған дайындалудамыз, оқушыларымның кәсіби деңгейін шыңдау үстіндемін, жүлдеден үміт күтеміз. Бізге қолдау көрсеткен демеушілеріміз бен жанкүйерлерімізге алғыс білдіргім келеді дейді, Қалбибі Абдуллаева бізге берген сұхбатында.
Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях