«Березка» балабақшасында жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады  

«Березка» балабақшасында жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады   

Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметов бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Алдыңғы кезекте ол Қарабұлақ ауылында күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Березка» балабақшасының құрылысын көрді, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Қазіргі таңда  құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мердігер мекеменің жауапты мамандары құрылыс жұмыстарына ешқандай кедергілердің жоқ екенін атап өтті.

Аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы тиісті сала басшылары мен мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне балабақша құрылысы сапалы жүргізіліп, белгіленген кестеге сәйкес жүру қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, ол бұл мәселе тұрақты бақылауда болатынын да атап өтті.
Жалпы, балабақшадағы жөндеу жұмыстарының 70 пайыздан астамы орындалған.
Мердігер нысанды қазан айының соңында тапсыруды жоспарлап отыр. Аудан басшысы жоспарланған жұмыстарды оң бағытта жүзеге асуы үшін бірқатар бөлім басшыларына өз саласына тиісті атқарылып жатқан жұмыстарды жіті назарда ұстау керектігі жөнінде тапсырма беріп, алдағы уақытта оның нәтижесі сұралатынын ескертті.

Жақын күндері бұл нысан да пайдалануға беріліп, ауыл халқына  қуаныш сыйлайтын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях