Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде күтпеген жағдай орын алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Облыс әкімнің халықпен кездесуі онлайн форматта өтіп, оның есеп беруі тікелей эфирде көрсетілді.
Аймақ басшысы облыс тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда мінбердегі Елтаңба жерге түсіп кетті. Әкім сөзін тоқтатып, жанындағыларға «алсайшы ананы» деп, рәмізді көтеруді тапсырды. Содан кейін әрі қарай сұрақтарға жауап беруді жалғастырды.
Айта кетейік, Жамбыл облысы әкімінің есеп беру кездесуі 19 ақпанда өтті.