Бүгін Қаскелеңде қазақстандық Жеке Құрам Атқыштар Батальонының Тәжік-Ауған шекарасынан шығарылғанына 24 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Біз Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған батырларды еске аламыз. Ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, ардагерлерге шексіз алғыс білдіреміз .
Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.