Бастауыш ұйымдар бәсекесі

Бастауыш ұйымдар бәсекесі

Бастауыш партия ұйымдарының рөлін және белсенділігін көтеруді, олардың қоғамдық-саяси ықпалын күшейтуді, жалпы, нұротандықтардың ынтасын арттыруды мақсат еткен «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының 2-ші кезеңі жуырда облыс орталығында өткізілді.

Бұл республикалық байқауда «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаевтың басшылығымен комиссия мүшелері бастауыш ұйымдардың жұмысын жан-жақты саралады. Нәтижесінде, партия мүшелері 500-ден 5000-ға дейінгі аралықтағы 3-ші санат бойынша, Қарасай ауданына қарасты «Жаңашамалған» бастауыш партия ұйымы  екінші орын алды.  Аталған ауылдық округ әкімі Аманова Ғалия Матанқызы төрағалық ететін, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жұмысында басшылыққа алған, бұл ұйымшыл ұжымды жеңісімен құттықтаймыз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях