Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баспанамен қамтамасыз ету бағытында көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдік несиелер берілетіндігі жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы inform.kz сайтына сілтеме жасап.
– «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» биыл 49 млрд теңге есебінен көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдікті қарыздар беруді жалғастырады, – деді Қайырбек Өскенбаев.
Оның сөзіне қарағанда, 5 мың азамат баспанасын жақсартады. Бүгінгі күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 2019 жылдан бастап 49,3 млрд теңге сомасына 4 955 несие берген.