Жетісу өңірінің шалғай ауылдары күннен қуат алатын электрстанциялар мен толық қамтылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
[su_custom_gallery source=»media: 10806,10804″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Бұл жөнінде Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде өткен жиында «Азия жүрегі» мәдениет және экологияны қолдау қорының президенті Вадим Ханифович хабарлады. Жиында ол энергия үнемдеуге, және экологияның ластануын алдын алуғабағытталған «Көмірсутекті электр энергия генераторларын пайдаланудан бас тарту және жаңартылатын энергия көздеріне көшу» бағдарламасы жайында баяндады. Сарапшылардың айтуынша шаруа қожалық қызметкерлері мен кәсіпкерлер күн электр станциясын арнайы Ғаламдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен алалады.
– «Қазіргі таңда жасыл экономиканы қалыптастырып, энергия көздерінің баламалы түрлерін қарастыру, жұмсалатын энергияны үнемдеу мәселесі алдыңғы шепте. Бүгінгі басқосу осы мақсатқа арналып отыр. Сондай-ақ, еліміздегі энергия көздерін көп қолданатын алпауыт кәсіпорындарда шетелдік мамандардың озық тәжірибелерін қолдану мәселесін де қарастыруымыз қажет», – дейді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Талғат Алыбаев.