Таяуда, аудандық жастар ресурстық орталығының «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері мен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері бірігіп, Қаскелең қаласының орталық көшелерінде «Балалар жол қауіпсіздігі үшін» атты акция өткізді.
Аталмыш жастар орталығының жетекшісі Мадина Нұрланованың бастауымен өткен өткен іс-шараның басты мақсаты темір тұлпар тізгіндеушілерге жол ережесін бұзбауды насихаттап, апатты және қайғылы жағдайлардан алдын-алу болатын.
Іс-шара барысында «Аяжан» медициналық колледжінің студенттері мен жастар қанатының белсенділері жүргізушілердің жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауы үшін 40,60,80,100 ,180, «Ойлан» және «Сенің үйіңде отбасың күтеді» деген жол белгілерін ұстап, олардың назарларын аудартты. Ал, құқық қорғау инспекторлары көлік тізгіндеушілерге жол ережелерін түсіндіріп, әртүрлі насихаттық жадынама қағаздарын таратты.