Бала құқығы, қауіпсіздігі бәрінен қымбат

Бала құқығы, қауіпсіздігі бәрінен қымбат

Елінің қорғаны, тыныштықтың кепіліне айналған биыл Қазақстан полициясына 30 жыл толып отыр. 23 маусым – осы саланы серік еткен қызметкерлердің төл мерекесі. Көпшіліктің көкейінде тәртіп сақшылары «полиция адамы» деп жатталғанымен, бұл жауапты қызметтің жолында әркімнің өзіне жүктелген міндеті бар. Оның ішінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жүйелі жұмыс істейтін, педагог, психолог сияқты мамандардың ауыр жүгін арқалап жүрген ювеналды полиция инспекторларын ерекше айтуға болады. Солардың қатарында осындай қызметке жүрексінбей келген, бойында батырлығы мен батылдығы қалыптасқан Қарасай аудандық полиция басқармасы ювеналды полиция тобының аға инспекторы, майор шенінде еңбек етіп жүрген Мақпал Джақсыбаева да бар.

Мақпал Мұхтарқызы – Жамбыл облысы Байзақ ауданының тумасы. Отбасында жалғыз қыз болып бойжеткенімен, арқа сүйер төрт бірдей аға-інілерімен қатар тәрбие алды. Үлкен ағасы Мүслім Мұхтарұлы Қарулы күштердегі темірдей тәртіпті қадағалайтын әскери полицияда қызмет етсе, Мақпал да ағасына ұқсап бүгінгі таңда қырағылықты талап ететін ішкі істер органдарында жұмыс істейді. Ол осы салада еңбек ету үшін жастайынан заң бағытында білім алды. Алдымен Талдықорғандағы заң гимназиясында оқып, осы қаладағы заң колледжін бітірген. Одан кейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «заңгер» мамандығында білім алып, аталмыш оқу ордасын 2006 жылы аяқтаған. Дәл осы жылы Қарасай аудандық полиция басқармасына қызметке орналасып, бүгінгі таңда ювеналды полиция тобының аға инспекторы ретінде еңбек етуде.

Майор Мақпал – ерлерге тән тік мінезді болып, қатаң тәртіпті талап ететін жұмысты істегенімен, өз отбасында жылулықты сыйлайтын, аналық махаббатты ұмытпаған нәзік жан. Әмірхан, Адина есімді қос құлыны – оның өмірінің мәні, үкіліген үміті. Қылықты қызғалдағы биыл мектеп табалдырығын аттаса, өскенде әскери азамат болуды армандайтын ұлы 8 сыныпқа көшті.

Кейіпкеріміз – өз жұмысын жақсы көретін жандардың бірі. Бұл жайында Мақпал Мұхтарқызы әңгімелесу барысында айтты. Оның айтуынша, әркім қызметке келгенде ойланып, соны іштей қалап, шынайы ықыласпен істеуі тиіс.

– Жұмыстың жаманы болмайды. Қиындығы да, қызығы да кездеседі. Міндетім балалардың қауіпсіздігі мен олардың өміріне байланысты болғандықтан неше түрлі жағдайларға тап болып жатамыз. Бірінің құжаты, енді бірінің ішер асы болмайды. Алайда осы мәселелерді оңды шешуге атсалысамыз. Соның арқасында алғысқа бөленіп жататынымыз жасырын емес. Осындай ризашылықтар менің жұмысқа деген ынтамды одан арттыра түседі, – дейді нәзік жанды полиция майоры.

Жұмыстың қиындығы демекші, жақында Мақпал Джақсыбаева ювеналдық полиция тобының аға инспекторы болса да жанындағы әріптесі полиция подполковнигі Римма Спатаевамен бірге 2005 жылы адам өлтіріп, есірткімен айналысқан, мемлекетаралық іздеуде жүрген өзбекстандық азаматты құрықтап, басқарманың іздеу бөліміне тапсырған. Қайсарлықтан туған оның осы бір еңбегі бағалауға тұрарлық деп білеміз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях