«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша үй алуға қойылатын талаптар

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша үй алуға қойылатын талаптар

Елімізде қазір «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылып, көп балалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері ұсынылуда. Осы бастама жайлы осы аптаның басында аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында жиын өткен болатын, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай төрағалық етіп, оған «Тұрғын үй жинақ банкінің» Қарасай ауданы бойынша филиалының басшысы Дәурен Мендіханов пен  маманы Олжас Төлегенов қатысты. Соңғы аталған азаматқа алғашқы сөз кезегі беріліп, ол аталмыш бағдарламаның негізгі талаптарымен таныстырды.

Бағдарлама бойынша үй алуға берілетін несиенің көлемі 10 млн-нан 15 млн-ға артатын және берешек уақыты 16 жылдан 19 жылға ұлғаятын екі пайыздық жылдық сый ақысы бар бұл бағдарламаға  биыл кейбір өгерістер енгізілген. Бұл, әрине, ең алдымен ай сайынғы төлемді төмендетуге бағытталып отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, бағдарламаға үш санаттың, яғни, көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды асырап отырған отбасылар өтінім бере алады. Бірақ, бағдарламаға қатысу алдында баспанаға мұқтаж жандар әкімдікте үй кезегінде тұруы міндетті. Ал, аталған талапқа сай болу үшін өтінім берушінің атында соңғы бес жылда ешқандай жылжымайтын мүлік тіркелмеген болуы керек.

Келесі қадам: банк қоятын шарттармен танысу. «Тұрғын үй жинақ банкінің» Қарасай ауданы бойынша филиалының басшысы Дәурен Мендіхановтың сөзіне сүйенсек, ең алдымен, несиелік тарихы оңды, төлем мерзімі дұрыс болуы қажет немесе банкке бармастан бұрын толық төленіп, жабулуы керек. Банк тарапынан қойылатын екінші негізгі талап – ресми түрде жұмыс істеу. Алайда, ай сайынғы төлемге жалақысы жетпесе, кепіл ретінде кез-келген адамды алып келуге болады, бірақ, ол азаматтың да несиелік тарихы тексерілетінін ескерген жөн. Үшіншіден, несиеге алатын үй үшін бастапқы жарнаға 10 пайыз төлейтін қаражаты болуы қажет. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мамандары, биыл бастапқы жарнаны субсидиялау мәселесі де қайта қарастыралытынын айтып, мемлекет тарапынан көмек болатынын алға тартты. Тағы айта кететін жәйт, табыс ретінде тек мүгедек баланың қамқоршысына төленетін қаражат қана есептеледі. Үкімет тарапынан беріліп жатқан АӘК(атаулы әлеуметтік көмек) және көп балалыларға төленетін жәрдемақы табыс ретінде есептелмейді. Себебі, бұл арнайы балаларды бағуға арналған 18 жасқа дейін төленетін ақша. Бұдан бөлек, егде жастағы, зейнетке шыққан азаматтардың 75 жасына дейін осы бағдарламаға қатысып, баспана алуға құқығы бар. Ол қалай? Яғни, қазір өтінім берген азаматтың жасы 60-та болса, онда 75 жасқа дейін, 15 жылға несие рәсімдей алады деген сөз.

Жиын соңында барлық қатысушыларға 15 млн. тұратын үйдің шамамен белгіленген есебі таратылды. Мәселен, онда жоғарыда аталған сомаға берешегі 16 жыл 6 айға есептелген үй несиесінің ай сайынғы төлемі шамамен 80 мың теңгені құрайды. Бірақ, толық 19 жылға несие рәсімдеген жағдайда, бастапқы 8 жылы 80 мың теңгеден болады, ал, қалған 11 жылы 50 мың теңгеге төмендетіледі екен.

[su_custom_gallery source=»media: 16734″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях