Бүгін Президент өзекті мәселелерге қатысты баяндама жасайды

0
170

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынып, ауқымды баяндама жасайды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік парақшаларында мәлім етті.

«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды»,-делінген Б.Уәлидің хабарламасында.

Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь