Бүгін қазақ халқының Ұлы тұлғасы Дінмұхаммед Қонаевтың туған күні

Бүгін қазақ халқының Ұлы тұлғасы Дінмұхаммед Қонаевтың туған күні

Бүгін, яғни, қаңтар айныңы 12-сі күні – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеге келгеніне 110 жыл толды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan желілік басылымына сілтеме жасап.

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым. Қазақстан ҒА академигі (1952), техникалық ғылымдардың докторы (1969), үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972,1976,1982). 1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.

Еңбек жолын тау-кен инженері болып бастап, Балқаш мыс қорыту комбинаты мен Лениногор қорғасын-мырыш комбинаты сынды еліміздегі ең алып өндіріс орындарында қызмет істеген Димаш Ахметұлы бірте-бірте Ғылым академиясының президенттігіне жоғарылаған. Одан кейінгі өмірінің бәрі де партия-кеңес органдарында, Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінде қызметте өтеді. 10 жылдай Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде төрағаның орынбасары, төраға, 27 жыл Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы, 21 жыл СОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болады.

Дінмұхамед Ахметұлы соңғы демі таусылғанша елмен емен-жарқын араласып өтті. Естелік кітаптар жазды, кездесулерге барды. Ең ақырында Мұхамеджан Тынышбаевтың 125 жылдық мерейто­йына қатысу мақсатымен Сарқантқа сапар шекті. Сөйтіп, соңғы демі өзі идеал тұтқан бірегей тұлға туған топырақта үзілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях