«Қазанатта» Көкпар мен Садақ ату турнирі өтті

«Қазанатта» Көкпар мен Садақ ату турнирі өтті

Бүгін, «ISKER» компаниясының ұйымдастыруымен, «Қазанат» ипподромында жастар арасында садақ ату мен көкпар ойынынан жарыс өтті. Көкпарға шабар аттар дайын болғанша, садақ атудан 16 жасқа дейінгі жеткіншектер сайысқа түсті. Бір сағатқа созылған бұл бәсекеде Алматы қаласынан келген Ерғазы Сәрсенбай мергендігімен көзге түсіп, бірінші орынды алды. Ал, «Қазанаттан» қатысқан Мағжан Ерехан атты садақ саңлағы екінші орынға ие болды. Тағы бір қазанаттық Тынышбек Дәулет үшінші орынды қанжығасына байлап қайтты.

Марапаттау рәсімінде «ISKER» компаниясының бас директоры Василий Алексеевич Тен көрермендерді келе жатқан бірінші мамыр және жеңіс күні мейрамымен құттықтап, жеңімпаздарға мақтау қағаздарын табыстады. Сонымен, көкпар ойынының қорытындысымен бөлісер болсақ, бірінші орынды «Қазанат» командасы, екіншіні «Алматы қаласы» алды. Ал, үшінші орынды «Алматы облысы» командасы иеленді. Оларға «ISKER» компаниясының ұжымынан сыйақы дайындалып, бірінші орынға 200 мың, екіншіге 150 ал, үшінші орынды еншілеген командаға 100 мың теңге берілді.

Ал, ат үстінде садақ ату сайысынан Шәмен Темірлан бірінші орынды алып, оған 30 мың теңге берілсе, екінші орынға ие болған Садықов Ғабитке 20 теңге табысталды. Үшінші орынды иеленіп, 15 мың теңге ұтып алған спортшымыз Қыстаубай Саян болды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях