Азаматтық авиация комитетінің мәлімдеуінше Египетке әуе рейстері 12 қыркүйектен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоаралық комиссияның 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен қалпына келтірді.
Атап айтар болсақ:
— БАӘ (11 рейс) 17 тамыздан бастап Алматы
— Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан — Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;
— Германия (5 рейс) 18 тамыздан Нұр-Сұлтан — Франкфурт (5 рейс);
— Беларусь (4 рейс) 19 тамыздан Алматы — Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан — Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;
— Украина (3 рейс) 19 тамыздан Алматы — Киев (3 рейс).
Египетке рейстер 12 қыркүйектен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарланып отыр.