2022 жылы қазақстандықтар неше күн демалады?

2022 жылы қазақстандықтар неше күн демалады?

2022 жылы қазақстандықтарда 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Айта кетейік, күнтізбе бес күндік жұмыс немесе оқу аптасы бойынша жасалды.

2022 жылы болатын ең ұзақ демалыстар:

қаңтарда – Жаңа жылда 4 күн;

наурызда – Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн және Наурыз мейрамында 5 күн;

мамырда – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн;

желтоқсанда – Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады.

7 қаңтардағы Рождество мейрамы жұмаға түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ал, Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Заң бойынша, діни мейрамдар демалыс күнге түскен жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях