Қазақстанда темекі тарту қымбаттады

Қазақстанда темекі тарту қымбаттады

Елімізде темекі  бір жылда 11 пайызға  қымбаттап,  ал оның өндірісі 8,8%-ке төмендеген, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz   желілік басылымы Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Дегенмен, тыныс алу мүшелері аурулары уақыт өткен сайын белең алып барады. Осыған байланысты енді электронды темекі дәстүрлі табак өнімдерінің қатарына қосылады. Мамандар оның ағзаға келтіретін зияны табак өнімдерінен кем емес деген пікірде. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, электронды темекі қарапайым темекімен тең дәрежеде болады. Денсаулық сақтау кодексіне тиісті түзетулер енгізілді. Электронды темекідегі сұйық және қыздырылатын табакқа салық салынады. Акциздің құны  – 7345 теңгені құрайды. Заманауи қондырғыға қатысты қатаң шаралар АҚШ-та да енгізіле бастады. Бірнеше күн бұрын Сан-Францискода бұл гаджеттерді сатуға жаппай тыйым салынды. Нью-Йорк-те де осындай жағдай. Көрші Ресейде вейпингке арналған девайстарды дәстүрлі табак өнімдеріне теңестіру жоспарлануда. Жыл сайын темекі бағасы қымбаттауда. Қыркүйек айында шылымның бір қорабы 436 теңгені құраса, өткен жылы  391 теңге болған. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, ең қымбат никотин өнімдері Қостанайда. Онда бір қораптың бағасы – 461 теңге, екінші орында – елорда. Бас қала тұрғындары бір темекіні 456 теңгеге алады. Үштікті 452 теңгемен Ақтау түйіндейді. Атап өтейік, Қостанайда темекі жылына шамамен – 19%, Оралда – 14,5%, Алматыда 14%-ке қымбаттаған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях