Қазақстанда талап етілетін бірқатар анықтамаларды жою ұсынылды  

Қазақстанда талап етілетін бірқатар анықтамаларды жою ұсынылды   

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер тізілімінен бірқатар анықтамаларды алып тастау мәселесі талқыланды. Бұл жолы 24 түрлі ақпараттық анықтама туралы сөз болды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Әділет Көшербаев атап өткендей, мемлекеттік тізілімде 694 қызмет болса, оның 49-ы -анықтама.

– Бүгінгі таңда азаматтарға осы анықтамаларды бір мемлекеттік органға ұсынуы үшін оны екінші бір мемлекеттік органнан сұрауына тура келуде. Бұл қағазбастылық пен бюрократияға әкеледі. Сондықтан мемлекеттік органға азаматтың рұқсатын ала отырып, өз әріптестерінен ала алатын бірқатар анықтаманы жою ұсынылады, – деді Көшербаев.

Бұл ретте мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелердегі деректер базасын интеграциялау арқылы қажетті мәліметтерді ала алады. Ал, ақпаратты басқа адам немесе негізгі ақпараттық жүйелерді пайдалануға рұқсаты жоқ ұйым сұратқан жағдайда, азамат үшінші тұлға сервисі арқылы өзі туралы мәліметтерді ұсынуға рұқсат бере алады немесе бас тарта алады.

Тізілімнен шығаруға ұсынылғандардың қатарында»Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы», «Уақытша еңбекке жарамсыздығы», «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» және т. б. анықтамалар бар.

Комиссияның осының алдындағы отырыстарының шешімімен 5 түрлі анықтаманың жойылғанын айтып өткен жөн. Олардың қатарында: мекенжай анықтамасы, жоғары оқу орнын және одан кейінгі білімді аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру және т.б. Осының нәтижесінде қағаз құжат айналымын 14 млн. құжатқа қысқарту мүмкін болды.

Бұдан басқа, ВАК 25 анықтаманы Тізілімнен шығару туралы шешім қабылдаған еді, бүгінгі күні осы бағытта уәкілетті мемлекеттік органдар техникалық және заң шараларын реттеуде. Жылдың соңына дейін бұл анықтамалар жойылмақ.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях