Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылованың мәлімдеуінше, енді колледжге түсу үшін талапкерлер емтихан тапсырмайтын болады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
– Жаңа ережелерге сәйкес, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша арнайы сынақтарды қоспағанда, колледжге түсу емтиханы алынып тасталады», – дейді Асылова.
Заңға түзету Әділет министрлігіне жіберілді.