Қазақстан Үкіметі Салық кодексіне түзетулер кіргізбек. Жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарына 3-5 жыл мерзімге инвестициялық салықтық несиелер беріледі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы Bnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Үкіметі Салық кодексіне өзгерістер енгізеді, оған сәйкес жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар 3-5 жылға инвестициялық салықтық несиелермен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Менің тапсырмам бойынша Үкімет Салық кодексіне өзгертулер дайындайды, жаңа кәсіпорындарға 3-5 жылға инвестициялық салықтық несиелер берілетін болады, бұл оларға нарықта тұрақтылыққа қол жеткізуге және өзін-өзі ұстауға мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін ең бірінші кезекте инвесторларды да тарту керек, бұл өзгерістердің тезірек енгізілуіне көмектеседі.