Қазақстан мен Сингапур Alatau City жобасы бойынша ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Сингапур Alatau City жобасы бойынша ынтымақтастықты талқылады

Күні кеше Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев Сингапур Республикасы Парламентінің спикері Сеа Киань Пэнмен кездесіп, экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Алматы қаласында өткен жүздесу барысында облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаевпен «Алатау» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясының директоры Сауырбек Жәнібеков жиналғандарды «Alatau City» жобасымен жақынырақ таныстырып өтті.

– «Алматы облысы – еліміздің экономикалық, өндірістік және туристік әлеуеті жағынан алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі. Алатау қаласының Алматы мен Қонаев қалаларының арасында орналасуы стратегиялық тұрғыдан алғанда облыстың ғана емес, сондай-ақ бүкіл еліміздің дамуына локомотив болады. Бұл жобаны жүзеге асыруға сингапурлық және өзге де халықаралық бизнес өкілдері қатысады деп үміттенеміз», – деді Қазақстанның Сингапур, Австралия және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Құттықадам.

Жалпы Қазақстанның Сингапурмен тығыз ынтымақтастығы Алматы облысымен қарым-қатынастың дамуына да оң әсерін тигізуде. Екі тараптың өзара ынтымақтастығының арқасында алдағы уақытта қысқа мерзімде өңірдегі туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту жоспарланған. Ал ұзақ мерзімді жоспарларда баламалы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесін шешу, білім беру саласын жақсарту және ауқымды инвестициялық жобаларды көбейту болып отыр. Жоғарыда аталған қаланың жобасы да солардың қатырында.

Айта кетейік, Алатау қаласын дамыту «G4 City» арнайы экономикалық аймақ жобасы аясында іске асырылады. Ол іскерлік, қаржылық, медициналық, индустриалды және туристік кластердің орталығына айналады деп жоспарлануда. Оның жобасын әзірлеуге сингапурлық компания да қатысты. 2050 жылға дейін Алатауда екі млн астам адам тұрады деп жоспарланып отыр.

Екіжақты инвестициялық ынтымақтастық айтарлықтай өрлеуде, түрлі бағыттар бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Өткен жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілді. Бүгінде Қазақстанда 143 сингапурлық компания жұмыс істейді. Жобаларының 30%-ын Алматы облысында іске асырған. 2023 жылы қос ел арасындағы тауар айналымы 1,6 АҚШ долларынан асқан.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях