Қазақстан мен АҚШ «Ашық аспан» келісіміне қол қойды

Қазақстан мен АҚШ «Ашық аспан» келісіміне қол қойды

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары өзара әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш Келісім Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ICAO) әуе көлігін одан әрі либерализациялау жөніндегі ұсынымдарына сәйкес «ашық аспан» қағидаттарын көздейтін Қазақстан Республикасы үшін бірінші құжат. Бұл біздің еліміз бен АҚШ-ы арасында ұшуды орындауды жоспарлайтын тасымалдаушылар үшін зор мүмкіндіктер ашады. Оның аясында тараптардың тасымалдаушыларына ауа еркіндігінің «бесінші дәрежесі» беріліп, межелі мекендердің және жиіліктердің саны бойынша шектеу қойылмайтын болады.

Келісім екі ел арасындағы тікелей тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық базаны қалыптастырып, сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ-ы арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, екі мемлекет арасындағы тікелей рейстердің ашылуы саяси, экономикалық, мәдени өзара қарым-қатынастар мен туризмді дамытуға, сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях