Қазақстан халқы Ассамблеясының Астананың 20 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант

0
2594

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 26 наурыздағы №159 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөнінде 2016-2018 жылдарға арнайы іс-шаралар жоспарланған. Солардың бірі – «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту (бұдан әрі – «Мың бала») жобасы.

Осыған орай, бүгін ауданымызда аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Бір уақытта синхронды түрде өткізілген шара бірнеше мекеме орындарында жүзеге асырылды. Атап айтқанда, аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, Алтын ауыл орта мектебі және Абай атындағы мектеп-гимназиясы.

Ашық диктант «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбымен аталып, қазақ тілінде өткізілді. Жалпы саны 114-ке жеткен қатысушылардың қатарында этно-мәдени бірлестіктің мүшелері, өзге ұлт өкілдерінің жоғарғы сынып оқушылары, студенттер, балабақша, кітапхана қызметкерлері, азаматтық тұрғындар, сондай-ақ, «Алматыгазсервис» холдинг қызметкерлері болды. Арнайы комиссия мүшелерінің қадағалауымен өткен жазбаша тапсырма 1,5 сағатқа жалғасты.

Ашық диктант нәтижесінің қорытындысы бойынша 43-і өте жақсы бағаланса, 40 қатысушы жақсы, ал қалған 31-і орташа бағаға лайық болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь