Жас волейболшылар жарысы

0
2638

Жуырда болашақ мамандардың «Денсаулық кепілі – спорт» атты волейбол жарысы өтті. Жалпы студенттердің басын қосқан бұл сайысты «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды. Ауданымыздың білім ошақтарынан келген 6 құрама команданың сайысын, жарыс өтіп жатқан Қаскелең гуманитарлы-техникалық колледж директоры Б.Алтаев құттықтау сөзбен ашты.

Қатысушылар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, сонымен қатар, достық, патриоттық сезімді тәрбиелеуді мақсат тұтқан бұл бәсекеде аталған колледждің студенттері 1-орынды қанжығасына байлады. Шеберліктерін шыңдап, 2-орынға Үшқоңыр су шарауашылық колледжі командасы табан тіреді. Ал, С.Жандосов атындағы кәсіптік-техникалық колледжінің тәлімгерлеріне 3-орын бұйырды. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь