Жамбылдағы жүздесу

Жамбылдағы жүздесу

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қазіргі кезде егемен елімізде барлық деңгейдегі әкімдерінің есеп беру жиындары өтуде. Бұл науқан Қарасай ауданында да басталды.

* * *

Аптаның алғашқы күні, яғни бүгін таңертең, аудан әкімі Махаббат Бигелдиев Жамбыл ауылдық округіне ат басын бұрды. Өйткені, аудан әкімінің жергілікті тұрғындармен кездесу жиыны мұндағы Жамбыл атындағы орта мектепте ұйымдастырылған еді.  Алдымен округ әкімі Бекзат Мыржиевтың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы хабарламасы тыңдалған соң, Махаббат Садуақасұлы «2016 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2017 жылғы міндеттері» туралы есепті баяндамасын жасады.

Оның барысында аудан дамуының басты бағыттарын атап айтылып, өткен жылғы көрсеткіштердің толық орындалғанына, ауданның облыс бойынша алдыңғы орында келе жатқанына, кейінгі кездері өнеркәсіп саласының өркендеп отырғанына, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына кеңінен тоқталып, қол жеткізілген жетістіктер жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, алда тұрған ортақ шаруа орайындағы ауқымды міндеттерді де байыпты баяндалды.

Мұнан кейін Жамбыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Толынбеков, Батан ауылындағы «Стандартгаз» мекемесі директорының орынбасары Роза Берікболова, Ұлан ауылындағы «Айнадән» қосымша білім беру орталығының құрылтайшысы Айнагүл Әділханова сөйлеп, аудан бойынша атқарылған игі істер мен жақсы жұмыстар, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсарғанын жайында айтты, сонымен қатар, кейбір шешімін күткен мәселелерді ортаға салды, округ пен аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Жиын барысында аудан әкіміне тұрғындар тарапынан электр қуатының жетіспеушілігі,  сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу сияқты мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, оған Махаббат Садуақасұлы толыққанды жауаптар қайтарды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях