Район посетили сенаторыСенат депутаттары Қарасай ауданында

Район посетили сенаторыСенат депутаттары Қарасай ауданында

Извините, этот текст доступен только на “Казахский”.

Сегодня в нашем районе с рабочим визитом побывали депутаты Сената Парламента РК Ансар Мусаханов и Нурлан Кылышбаев. Встречал и сопровождал их в поездке аким района Махаббат Бигельдиев.

 Сначала гости из Астаны побывали на стекольном заводе – в ТОО «ALMATY STEKLO», с деятельностью которого их ознакомил генеральный директор предприятия Азим Абдуллаев. К слову сказать, завод был открыт совсем недавно и поистине стал гордостью карасайцев.

Другой объект, привлекший внимание народных избранников и также открывшийся в конце минувшего года,  – ТОО «Holland Green Tech». Это завод по производству и монтажу современных тепличных комплексов по голландской технологии. Генеральный директор предприятия Бауыржан Баймухамбет, ознакомив гостей с этим уникальным и довольно востребованным производством, ответил на интересовавшие их вопросы.

Заключительным объектом стала птицефарика «Alsad», расположенная близ села Мерей Умтылского сельского округа. Выяснилось, что  задействована она была в 2013 году. Трудятся на ней 230 человек, а производственная мощность – 600 тыс. яиц в день.

В рамках поездки господа сенаторы встречались с трудовыми коллективами, выслушивали пожелания руководителей и сотрудников, а также рассказывали о том, что делается в Парламенте, в том числе и о работе над законопроектом «О пастбищах». Поездка была довольно насыщенной и плодотворной.Бүгін ауданымызға ҚР Парламент Сенатының депутаттары Аңсар Мұсаханов және Нұрлан Қылышбаев жұмыс сапарымен келді. Келудегі мақсаты аудандағы сайлаушылармен кездесіп, аудан өмірімен танысып, өндіріс орындарын аралады. Астаналық меймандарды аудан басшысы Махаббат Бигелдиев қарсы алды. Алдымен «ALMATY STEKLO» зауытын аралап, тыныс – тіршілігінен хабардар болды. Мекеме басшысы Азим Абдуллаев ғимарат ішін аралай жүріп, жан – жақты ақпарат берді. 92 шағын отбасылық пәтер, 27 бөлмелік жатахана, 400 адамдық асхана, дәріхана, супермаркет, намазхана т.б. орналасқан зауыт шығынсыз өндіріс есебінде жұмыс істейді. Сынған әйнектерді қайта өңдеп, шыны бөтелкелер, банкалар шығарады. Қазақстанда өзге де шыны зауыттары болғанымен, бұл сынды толық кешенді өндіріс орыны бірегей.

Келесі кезекте депутаттар жылыжай конструкцияларын өндіру, жобалау, монтаждаумен айналысатын «Holland Green Tech» зауытына бас сұқты. Бас директор Бауыржан Баймұхамбет жобамен таныстырды. Бұл ретте депутат нақты сұрақтар қойып, жауап алды. Жылыжай конструкцияларына деген сұраныс, сапасы және шығыны жайында мәлімет берілді. Айта кетейік, Елтай ауылдық округінде орналасқан «ALMATY STEKLO», «Holland Green Tech» өндіріс орындары Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына Қарасай ауданының тартуы болған.

Депутаттардың назарынан Ұмтыл ауылдық округі, Мерей ауылындағы «Alsad» құс фабрикасы да тыс қалмады. 2013 жылы іске қосылған мекемеде 230 адам жұмыс істейді. Күніне 600 000 (алты жүз мың) жұмыртқа шығаратын өндіріс орынын аралап, жем қоймасымен, электрлік құрылғылармен танысқан қонақтар таңданысын жасырмады.

ҚР Парламент Сенатының депутаттары Аңсар Мұсаханов пен Нұрлан Қылышбаев зауыттарды аралап, мекеме басшыларымен, жұмысшылармен кездесіп мәліметтерге қанық болды. Осы ретте жиналғандарға өз істерімен таныстырып, Парламентте қаралып жатқан жаңа «Жайылым туралы» заң жобасы жайында айтты. Жұмысшылар мен зауыт басшыларына сәттілік тілеуді де естен шығармады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях