Партияның құрылған күні аталып өтті

Партияның құрылған күні аталып өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратында салтанатты жиын болып, ол 1 наурыз – партияның құрылған күніне арналды.

Партия филиалының Саяси кеңесі мен бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш ұйым төрағалары, «Жас Отан» жастар қанатының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, партия белсенділері қатысқан аталған бас қосуда аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы М.Бигелдиев сөйлеп, еліміздегі ең ықпалды саяси күштің мақсат-міндеттері туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен бірге, қатар келген Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Аудан басшысы сондай-ақ, ортақ іске елеклі үлес қосып жүрген бір топ партия белсенділеріне облыстық партия төрағасының бірінші орынбасарының және өз атынан Алғыс хаттар тапсырды.

Сол сияқты, жақсы ісімен көзге түскен бес бастауыш партия ұйымының төрағаларына жұмыс үстелі, ноутбук, принтер сияқты кеңсе заттарын табыс етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях