Облыста үздік шыққан «Ханшайым»

Облыста үздік шыққан «Ханшайым»

Мешін жылының соңында «Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен, округтерден іріктелген әдемі қыздар арасында «Қарасай аруы — 2016» байқауы өткен еді. Осы сұлулық сайысында топ жарып, өзінің сымбаттылығымен және актерлік шеберлігімен, жалпы, жан-жақтылығымен көзге түскен Жандосов ауылдық округінен келген Гүлнұр Темірғалиқызы облыстық «Ханшайым — 2016» бойжеткендер бәсекесінде биіктен көрініп, бас жүлдені жеңіп алды.

Гүлнұр бүгінде Шалқар ауылындағы М.Ломоносов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген Абай атамыздың асыл сөзін жадына сақтап, өмірлік ұстанымы еткен ақылына көркі сай қызымыз болашақта Алматыдағы Т.Жүргенов  атындағы өнер академиясына түсіп, елге танымал апаларының жолын қуып, актриса болуды армандайды екен. Бұл ретте үйдің кенжесі Гүлнұр әкесі Темірғали мен анасы Манаттың, ағалары Дидар мен Айдардың, әпкесі Назеркенің үлкен қолдау көрсетіп, рухани күш беріп, жігерлендіріп отыратынын айтады. Ал, жеңіп алған 200 мың теңгелік жүлдесін оқу озаты білімін жетілдіруге пайдалану үшін ноутбук алуға жұмсағысы келетінін де жасырмайды.

Жарайсың, қарасайлық «Ханшайым», жеңістен жеңіске жете бер!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях