Көңілді тапқырлар клубының жарысы

Көңілді тапқырлар клубының жарысы

Бүгінде «Жайдарман» ойыны талантты жастардың басын қосатын және олардың қызыға көріп, сүйсіне ойнайтын сайысына айналды. Осындай өскелең ұрпақтардың бірі сахына мәдениетін, шеберліктерін, сөйлеу мәнері мен ой ұшқырлығы сияқты қасиеттерді бойына сіңірген үшқоңырлық жастар болып, жуырда «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастырған ауылдық округтер арасында КТК (КВН) ойындарында бірінші орынды жеңіп, марапатқа ие болды. Көңілді сайысқа жалпы 6 команда қатысып, сәлемдесу, ширату, үй тапсырмасы сынды шарттар бойынша өнер көрсетті.

Сонымен Жандосов орта мектебінде жүз елуге жуық адамның басын қосқан жарысқа қатысушылар үй тапсырмасы бойынша тамаша өнер көрсетіп, отбасының ішінде кездесетін қалжыңдарын ортаға салып, әдемі әзілдерімен көрермендерді таңырқатты. Қазылар алқасы шешімі бойынша үшқоңырлық «Жалынды жастар» командасы бір ауыздан үздік деп танылды. Екінші орын Әйтей ауылдық округінен келген «Әйтей жастары» тобына бұйырды. Ал, жандосовтық «Шалқар жастары» командасы өздерінің осал емесін дәлелдеп жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады. Жарыс жеңімпаздарын жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әсел Елеусізова мен Жандосов ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Разия Белагашева құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях