Еліміздің көлемінде, жыл сайын «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен, «Ақбота» интеллектуалдық марафоны өткізіліп, онда өз біліміне сенген оқушылар бақтарын сынап келеді. Былтыр аталған білгірлер бәсекесіне ауданымыздағы Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназиясының үш бірдей оқушысы қатысып, бірінші орынды жеңіп алғанын да ерекше мақтаныш. Нақтыласақ, Алматы облысы бойынша бұйырған үш жүлделі орынның барлығы да осы гимназия оқушыларына тиесілі болуы – жақсы жетістік! Осылайша, жарыста жұлдыздары жанған қыздарымыз Екатерина Беликова, Жанэл Уларбекова және Дамилья Қуатова жақында Алматы қаласында марафон жеңімпаздарына арналған «Дарын жұлдыздары» мәдени-танымдық ауысымына қатысып, демалып қайтты. Еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған 100-ден астам қатарластарымен уақыттарын көңілді әрі тиімді өткізіп, ерекше әсермен оралды.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать