Ел қоржынында 3 медаль

Ел қоржынында 3 медаль

Кеше ғана «Алматы Арена» мұз сарайында XXVIII бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында әлемнің 59 елінен 2000-ға жуық студенттері бақ сынайтыны белгілі болды. Айтулы шараны Елбасымыз арнайы келіп тамашалаған болатын. Басынан аяғына дейін толықтай дерлік өз отандастарымыз өнер көрсетіп, тамашалауға келген қонақтарға керемет көңіл- күй сыйлап, универсиада алауын жақты.

Ал, бүгін алғашқы жарыс күні үш спортшымыз ел қоржынына медаль салып, жанкүйерлерін қуантты. Қыздар арасындағы акробатикалық фристайл жарысында отандастарымыз сәтті өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қытайлық спортшыға жол берген спортшы қыздарымыз: Жібек Арапбаева күміс медальға, Жанбота Алдабергенова қола медальға ие болып, бір мезетте жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, Анна Шевченко есімді шаңғышы қызымыз қола жүлдені жеңіп алып, мерейімізді өсіріп қойды. Бүкіләлемдік 28-ші универсиаданың алғашқы күнінің нәтижесінде еліміз 5-ші орынға табан тіреді. Алдағы күндерде спортшыларымыз бұдан да биіктен көрінеді деп сенеміз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях