«Батыр бала» каратэ орталығы

«Батыр бала» каратэ орталығы

Жылдан-жылға кеңістігі кеңейіп келе жатқан спорттың каратэ түрімен бүгінде елімізде 6000-нан астам адам айналысады екен. Бұл бағытта 14 облыста өз алдарына федерациялар құрылып, олар өскелең ұрпақты ептілік пен төзімділікке тәрбиелеп, саламатты өмір салтын қалыптастыруда ауқымды жұмыстар атқаруда. Соның бір айғағы ретінде біздің ауданда жаңадан ашылған «Батыр бала» каратэ орталығын айтуға болады.

Қаскелең қаласындағы «Үміт» мейрамханасының жертөлесінде орналасқан «Батыр бала» каратэ орталығы 2015 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Қазіргі уақытта мұнда 4 жастан 23 жасқа дейінгі жүзден астам адам бар. Каратэшілер аптасына үш рет(дүйсенбі, сәрсенбі, жұма), таңғы сағат 9:30-дан кешкі сағат 20:30-ға дейін жаттығуға келеді. Ал, бұл орталыққа жазылу бағасы айына 2000 теңгеден 6000 теңгені құрайды екен. Сонымен қатар, қатысушы балалардың тең жартысы аз қамтылған және көп балалы отбасынан болғандықтан олармен осы орталықтың басшысы, киокушинкай-кан каратэден ҚР спорт шебері, үш мәрте республикалық және халықаралық чемпионатының чемпионы, Азия чемпионатына қатысушы Бекжан Батырбекұлы ақысыз жаттығулар өткізіп, көп қолдау, көмек көрсетуде. Олар да тәлімгердің еңбегін ақтап, республикалық және халықаралық чемпионаттарда жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Аудан бойынша Алмалыбақ, Үшқоңыр ауылында және Талғар ауданы Талғар қаласында осындай жаттығу орталықтары бар. Барлық қатысушылардың саны облыс бойынша 400 адамнан астам. Орталықтың басшысы Бекжан Сүнбековтың айтуы бойынша, осы спорт ұйымы киокушинкай-кан каратэ республикалық ұлттық федерациясының облыстық филиалы болып саналады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях