Барлық сұрақ бақылауға алынады

Барлық сұрақ бақылауға алынады

Алып мегаполис – Алматының іргесінде орналасқан Райымбек ауылдық округінде де әлі де шешімін күтіп тұрған бірқатар әлеуметтік мәселелер бар екен. Бүгін Абай ауылындағы жаңа мектепте өткен аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесу жиынында жиналғандар өздерін толғандырып жүрген көп сауалды алға тартып, ұсыныс-тілектерін де жеткізді. Әсіресе, Бұлақты ауылы халқының өкілдері мұндағы жолдардың жөндеуді қажет ететінін, ауыз су мәселесін, пошта мен дәрігерлік амбулаторияның жоқтығын, К.Әзірбаев мектебінің ғимараты әбден ескіргенін сөз етсе, райымбектіктер көшелерге жарық, округтің екі жағындағы күре жолдармен түйісетін тұстарына бағдаршам керектігіне назар аударды.

Барлығын байыппен тыңдаған аудан әкімі Махаббат Бигелдиев халықты толғандыратын кейбір мәселелерден бұрыннан хабардар екенін, солардың бір парасын өзі тағайындала салысымен арнайы келіп округ активімен жүздескенде танысып, кейбірін шешуге атсалысқанын, осы жиын барысында айтылған жайттар да хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынатынын тілге тиек етті. Елбасының «Қазақстан — 2050» стратегиясында белгіленген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру барысында жалпы Жетісу өңірін жақсы жетістікке бастап келе жатқан Амандық Ғаббасұлының қолдауымен көптеген жұмыс ауданымызда да қолға алынып жатқанын жеткізген аудан басшысы сөзінің соңында депутаттарды халықпен жақын болуға, ал, тұрғындарды сабырлылық пен береке-бірлікке шақырды. Ал, райымбектіктер болса, бірауыздан есепке қанағаттанарлық деген баға берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях