Ауылда балабақша ашылды

Ауылда балабақша ашылды

Бүгін ауданымыздағы Елтай ауылдық округіндегі Исаев ауылында жекеменшік «Әлтаир» балабақшасы өз есігін айқара ашты. 30 орындық мектепке дейінгі тәрбие орнының жұмысын бастауға Тоғжан Садықов есімді кәсіпкер азамат демеуші болған. Ауылдық мектеп алдындағы тұрғын үйдің ішін талапқа сай етіп жабдықтап, бес адамның еңбекпен қамтылуына септігін тигізген.

Жергілікті тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева мен Елтай ауылдық округінің әкімі Бақыт Жұманбаева арнайы келіп, құттықтау сөз сөйлеп, іскер азаматтың алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. Округтік ардагерер ұйымының төрағасы Қалида Қосшығұлов аталық ақ батасын берген соң, есік алдына керілген лента салтанатты жағдайда қиылып, әжелер тәттіден шашу шашты. Осылайша, шалғайдағы шағын ауылдың бүлдіршіндері де енді мектепке барғанға дейін бос уақыттарын тиімді өткізіп, тәрбие мен білімді қатар алып, бойындағы қарым-қабілеттерін аша түсуге мүмкіндік алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях