Қарасайлықтар да қолдайды

0
2074

Бейбіт Төлеген, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Нұротандықтардың  да жауапкершілігін  арттырады»

Елбасы жария еткен, болашақта болатын бұл оңды өзгерістер, біздерге, яғни, нұротандықтарға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, партиямыздың мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы салмағы да арта түспек. Біздің депутаттарымыз Парламенттің де, мәслихаттың да басым бөлігін құрайтындықтан, бұл бастама арқылы негізгі саяси күш болып табылатын «Нұр Отанның» биліктегі беделі де беки бермек.

Белгілі болғандай, 40-қа тарта президенттік құзырет Парламентке және Үкіметке беріледі. Бұл партияның орталықтағы да, жергілікті жердегі де жұмысына тың серпін енгізеді.

Президент өз сөзінде айтқандай, қазір бүкіл әлем түрлену үстінде. Уақыт талабы солай болғандықтан, заман ағымымен ілесе келген бұл өзгерістерден біздің жасампаз еліміз де шетте қалмауы керек. Сөзсіз, Елбасының арнайы Үндеуіндегі айтылған өзгерістер елдегі демократиялық үрдістердің жалғасын тапқанын көрсетеді.

Сол себепті, Ұлт Көшбасшысының бұл шешімін біз де қолдаймыз. Ширек ғасыр шеңберінде халқын адастырмай өркендеу мен өрлеудің айқын жолымен алып келген Президентіміздің осы жолғы да ұсынысының оңтайлылығына әрі дұрыстығына сенеміз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь